Германияның «Fair-News» интернет-басылымында Өзбекстан Президенті бастаған реформалары мен сыртқы саясаты туралы мақала жарияланды.
Онда айтылуынша, Президент Шавкат Мирзиёев Орталық Азиядағы бейбітшілік пен гүлдену жолындағы ынтымақтастықты елдің сыртқы саясатының басты мақсаты ретінде белгіледі. Заманауи қауіп-қатерді ескере отырып, аймақтық елдерді ортақ мүдде негізінде біріктіру арқылы халықаралық ынтымақтастыққа тарту қауіпсіздік пен әл-ауқаттың кепілі ретінде қарастырылған.
Мақала авторы Өзбекстанда болып жатқан оң өзгерістерге, соның ішінде экономикалық өсімге, кедейшілікті азайтуға бағытталған тиімді жұмыстарға тоқталған. «Жаңа Өзбекстанның құқықтық, зайырлы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы маңызды бағыт», - деп жазады «Fair-News».
Өзбекстанда мәжбүрлі және балалар еңбегін тоқтату үшін елеулі қадамдар жасалғаны айтылады:
– Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, осы келеңсіздікке байланысты құқықбұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту, әлемдік қоғамдастықты осы процеске тарту жұмыстары елді жаһандық ауқымда ерекше етіп отыр. Президенттің аймақтағы климаттық өзгерістердің салдарымен күресу, оның ішінде сумен жабдықтау және ауыл шаруашылығы саласындағы бастамалары ерекше алғысқа лайық. БҰҰ-ның су ресурстары жөніндегі арнайы өкілінің қызметі және Орталық Азиядағы климаттық диалог бастамасын қолдауы да Өзбекстанның жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатысуға дайын екенін білдіреді.