Әндіжандағы «Yangi nafas» көпшілік жүгіру жарысы өтті
Әндіжан қаласында Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 32 жылдығына «Yangi nafas» жүгіру жарысы өтті.
Бұл байқау ел жастарының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа жалпы білім беретін және спорт мектептерінің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, көпшілік қауым өкілдері қатысты. Әндіжан қаласындағы орталық көшесінің бойында 3 шақырым қашықтыққа ұйымдастырылған жаппай жүгіру жарысына 5 мыңнан астам адам қатысты.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.
[gallery-13414]
суреттерді түсірген Зухриддин УМУРЗАҚОВ, ӨзА