Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әндіжандағы су тасқыны: 700-ге жуық үй бүлініп, екі нәресте апаттан қайтыс болды
11:54 / 2021-05-07

2021 жылдың 6 мамыр күнінен 7 мамырға қараған түні қатты жауған нөсер салдарынан Әндіжан, Наманган және Сұрхандария облыстарының кейбір аудандарында су тасқыны болып, көңілсіз жағдайлар орын алды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Әндіжан облысында «Қырғыз» каналы арқылы ағып келген тасқын су Ханабад қаласы мен Қорғантөбе аудандарының көшелері арқылы 278 үйдің ішімен мен ауласына зақым келтірген.

Осы жағдайға байланысты апат салдарын жою шараларын қолдану кезінде Ханабад қаласында,ы «Қорабоғиш » көшесінде тұратын екі кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

Сондай-ақ, Наманган облысының Поп, Косонсой және Чуст аудандарында қатты жаңбырдың салдарынан Поп ауданының «Водий» ауылдық кеңесінің аумағында сел жүрді, Ангрен-Поп электрлендірілген теміржолдың 103-106 шақырымында шамамен 3 метр теміржол торабында топырақ массасы шайылған.

Нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны Сурхандария облысының Шерабад және Құмқұрған аудандарының «Қарабоғ», «Учёғоч», «Гулистон», «Ғуржак-2», «Азларсой», «Боғаро» және «Элобод» ауылдық жерлердегі 340 үйдің аулаларына су кірген.

Қазіргі уақытта жергілікті билік Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық гвардия, Көлік және Энергетика министрліктерін тарта отырып табиғи апат салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.