Әндіжандағы ауруханада жарылыс болып, бір кісі көз жұмды
Әндіжан облысының Шахрихан ауданындағы медициналық орталықта болған жарылыс салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Әндіжан облысындағы диагностикалық және емдеу орталығындағы жарылыс салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Жарылыс 11 ақпан күні сағат 11:30-да 3 қабатты «Зитерия» ЖШС диагностикалық емдеу орталығының 1 қабатында болып, оның салдарынан ғимараттың қабырғалары зақымдалған.
Оқиға орнына дереу облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жасағы жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ оқиға орнына ДСБ басшылығы, ІІМ, Прокуратура мен басқа да тиісті мекеме қызметкерлері келген.
Қазіргі кезде осы жағдайға байланысты алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.