Қырғыз Республикасының Ош облысының Аравон ауданы мен Әндіжан облысының Мархамат ауданын байланыстыратын «Мингтепа» шекара өткізу бекеті ашылды.
Өзбекстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің отыз екі жылдығы күні ашылған «Мингтепа» шекара бекеті шекаралас аймақ тұрғындары үшін ғана емес, жалпы әндіжандықтар үшін нағыз мерекелік тарту болды.
Шекараның ашылу салтанатына қалың жұртшылық өкілдері мен бірге Әндіжан облысының әкімі Шухратбек Абдурахманов және Ош облысы әкімінің орынбасары Уристем Манапов қатысты. Кейінгі жылдары Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың бастамасымен екі бауырлас халықтар арасындағы достық пен көршілік қарым-қатынасты нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны атап өтілді.
[gallery-13396]
Атаулы шекара бекетінің ашылуы, ең алдымен, шекаралас аймақ тұрғындарына үлкен жайлылық туғызып, көршілес екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайта түседі.
Осылайша жиырма жыл бұрын жабылған бұл шекара өткізу бекеті бүгіннен бастап қайта жұмысын бастады.
Сонымен қатар, бүгін Қырғыз Республикасының Жалалабад облысын Өзбекстанмен байланыстыратын Ханабад қаласындағы «Ханабад» және Қырғызстанның «Бекабад» шекара бекеті де өз қызметін бастады.
Ф. УБАЙДУЛЛАЕВ, З. УМРЗАҚОВ (сурет), ӨзА