Әндіжанда халықаралық жүгіру жарысы өтті
Әндіжанда «Talaba yugur», «Eco Save Aral» және «Silk Road Andijan» халықаралық жаппай жүгіру жарыстары өтті.
Халық денсаулығын нығайту, спорт пен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған бұл спорттық шараларға 12 жастан 70 жасқа дейінгі 10 мыңға жуық спортшы мен еріктілер қатысты.
[gallery-26496]
«Silk Road Andijan» халықаралық жүгіру жарысының 21 шақырымдық бағытына өңір спортшыларымен қатар, көршілес аймақтардан, сондай-ақ Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген желаяқтар да қатысып, жарыс деңгейін халықаралық дәрежеге көтерді.
Жарыс қорытындысында барлық бағыттар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ «Үздік жас қатысушы», «Үздік қарт қатысушы», «Үздік белсенді қатысушы» секілді арнайы номинациялар иегерлері естелік сыйлықтармен және ақшалай марапаттармен құрметтелді.
суреттерді түсірген З.Умрзоқов, ӨзА