Әндіжанда «Nike» кроссовкалары шығарыла бастады
Американдық бренд «Nike» трансұлттық компаниясына өз брендімен 2019 жылы Өзбекстанда спорттық аяқ киім шығаруға ресми рұқсат берген еді.
Осыған орай Қытайлық инвесторлар Әндіжан облысында 3 миллион долларға құрған «Sino International» шетелдік компаниясы кейінгі 5 жыл ішінде «Nike» компаниясы белгілеген халықаралық стандарттарды, атап айтқанда, өндірістік желілерді құру, жұмысшыларға балама жағдай жасалып, бақылауды толық жүзеге асыру нәтижесінде бренд белгілеген сапада кроссовкаларының бірінші партиясын шығару басталды.
Бүгінде бұл компанияда 50 қызметкер жұмыс істейді. Өзбекстандық мамандардың біліктілігі мен шеберлігін «Nike» компаниясының Қытайдағы филиалының технолог, конструкторлары мен тігіншілері тарапынан жетілдірілуде. Кәсіпорын тәулігіне 6 мың жұп кроссовка шығара алады. Жыл соңына дейін қуаттылықты 2 пайызға арттыру жоспарланған.