Әндіжан әуежайы халықаралық рейстерді қабылдауды қайта бастады
Әндіжан әуежайы халықаралық рейстерді қабылдауды қайта бастады.
Кең ауқымды қайта жөндеуден кейін пайдалануға берілген әуежай 12 тамыз күні алғашқы халықаралық рейсін қабылдады.
Алғашқы рейс Flyone Asia жергілікті әуе компаниясының Әндіжан – Жидда – Әндіжан бағыты бойынша аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері орындалатын тұрақты рейсі болды.
Бортында 151 жолаушысы бар Q72261 рейсі межелі бағытына ұшып кетті. Әуе компаниясының өкілдері бұл бағыт қажылық, туризм және жұмыс сапары мүмкіндіктерін кеңейтіп, Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстарды нығайтуға қызмет ететінін атап өткен.
Айта кетсек, бүгінде Әндіжан әуежайынан тұрақты рейстер Ташкентке де орындалады: Silk Avia әуе компаниясы — дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Uzbekistan Airways — сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды.