Ферғанада «DongFeng Special Car» компаниясымен бірлесе отырып жылына 1 мың электр автобус, Әндіжанда «Lanzhou Guangtong New Energy Automobile» компанияларымен бірлесіп 2 мың электр автобусын шығару жолға қойылады.
ӨР Көлік министрінің бірінші орынбасары Маманбий Омаров Қытайдың «DongFeng» компаниясының бас директоры Ван Пэнмен кездесті.
Кездесуде қоғамдық көлік жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, орын алып отырған қажеттіліктер және қозғалыс құрылымын заманауи автобустар мен шағын автобустармен жаңарту қажеттігі жөнінде пікір алмасылған.
«DongFeng Special Car» компаниясымен бірлесіп Ферғана облысының Фурқат ауданында жалпы құны 100 млн долларды құрайтын жылына 1 мың электробус шығару жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахманов бастаған делегация Өзбекстанның Қытайдағы елшілігінде «Lanzhou Guangtong New Energy Automobile» компаниясының басшылығымен кездесу өткізіп, құны 100 миллион доллар болатын екіжақты меморандумға қол қойды.
Меморандум жылына 2 мың электробус шығаруға арналған жобаны жүзеге асыруды көздейді.