French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әндіжан мемлекеттік университетінде оқу ғимараты пайдалануға берілді
10:09 / 2025-02-25

Әндіжан мемлекеттік университетінде 1 800 орындық заманауи жаңа оқу ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылары, студенттер, зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар қатысты. Салтанатты жиында Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация министрі Қоңғыратбай Шарипов пен Әндіжан облысының әкімі Шухратбек Абдурахмонов сөз сөйледі.

[gallery-21832]

Жеті қабатты заманауи оқу ғимараты бюджеттен тыс қаражат есебінен, жалпы құны 45 миллиард 444 миллион сумға салынды. Құрылысты Әндіжан облысындағы «426-ХИКМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Жаңа ғимаратта 15 кең және ыңғайлы лекция залы, 24 зертхана, 17 оқу кабинеті, 11 заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықталған компьютер сыныбы, сондай-ақ кітапхана, архив және асхана орналасқан.

Барлық оқу және зертханалық кабинеттер интерактивті тақталармен және заманауи оқу құралдарымен жабдықталған.

суреттерді түсірген З. Умрзоқов, ӨзА