Үндістанның Өзбекстандағы елшісі өз миссиясын аяқтады
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Өзбекстандағы Үндістан елшілігінің басшысы ретінде дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Маниш Прабхатпен кездесті.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, министр елшіге алдағы жұмысына сәттілік тілеген.
«Біз елшінің Өзбекстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық әріптестік қарым-қатынасын байыту жолындағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз және оның алдағы жұмысына сәттілік тілейміз», - делінген хабарламада.