Үндістанның оңтүстігінде нөсер жаңбырдың салдарынан 26 адам құрбан болды
Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында жауған нөсер жаңбырдан кем дегенде 26 адам қаза тапты.
Hindustan Times-тің хабарлауынша, штаттың бірнеше аудандарында тынымсыз жауған жаңбыр су тасқынына, су тасқыны көшкінге ұласқан. 10-нан астам адам жауын-шашынмен бірге көшкін салдарынан із -түссіз жоғалған.
Ел үкіметі Табиғи апаттарға қарсы әрекет ету ұлттық күші мен әскерилеріне құтқару жұмыстарын жүргізуді және зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.
Зардап шеккен аудандарда көмек лагерлері құрылып, 5 мың отбасы қауіпсіз жерге көшірілгені айтылған хабарда.