Үндістанның «NephroPlus» компаниясы Өзбекстанда диализ клиникаларының құрылысы бойынша тендерді жеңіп алды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, компания алдағы уақытта Ташкент қаласында, Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында салынатын төрт диализ клиникасын қаржыландыру, жабдықтау, мамандарды оқытуды қамтамасыз етіп, 1000-нан астам науқасқа өмірлік маңызды диализ қызметін ұсынатын болады.
Халықаралық қаржы корпорациясы, Дүниежүзілік банк тобының мүшесі, Өзбекстанның Қаржы министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің транзакциялар жөніндегі кеңесшісі ретінде ең жақсы салалық стандарттарға сәйкес диализді емдеуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖӘ) құрып, сапалы емдеуді қамтамасыз ету және инфекция қаупін азайту бойынша жобаны әзірлеуге көмектесті.
IFC және Дүниежүзілік банк Денсаулық сақтау министрлігіне халықаралық талаптарға сай диализдік терапия стандарттарын жаңартуда және пациенттердің клиникалық көрсеткіштері мен науқастардың әлеуметтік жағдайына негізделген мөлдір таңдау критерийлері негізінде процедураларды әзірлеген.
Бұл жоба ауылдық жерлерден келген науқастарға үлкен пайда әкеледі, өйткені «NephroPlus» Өзбекстанда алғаш рет перитонеальді диализді бастайды. Перитонеальді диализді емдеу науқастарға үйде диализдік ем алуға мүмкіндік беретін болып, бұл жол жүру уақыты мен отбасылық шығындарды азайтады. Осылайша, диализдік терапияны қолдану ауылдық жерлерде де, шалғай аудандарда да кеңінен қолданылады жіне бұл ел үшін маңызды жаңалық.
Үндістанның «NephroPlus» компаниясы мен мемлекеттік-жеке серіктестік келісім-шарты 30 күн ішінде жасалуы жоспарланған.