Үндістанның Манипур штатында 40 күдікті содыр өлтірілді
Кейінгі екі күнде Үндістанның солтүстік-шығысындағы Манипур штатында қауіпсіздік күштері күдікті 40 куки содырын өлтірді.
Бұл туралы Нонгтомбам штатының бас министрі Бирен Сингх хабарлап, тағы бірнеше содыр ұсталғанын мәлімдеген.
БАҚ дерегінше, аймақтың полициясы мен қауіпсіздік күштерінің ауқымды операциясы қазір жалғасуда және өлтірілген содырлар саны артуы мүмкін.
Н.Б.Сингхтің айтыуынша, 2008 жылдың тамызында федералды және аймақтық билікпен олардың қызметін тоқтату туралы келісімге қол қойған Куки қарулы топтарына қарсы операция басталған.
Соңғы бірнеше күнде Какчинг, Чурахандпур, Батыс Импхал, Шығыс Импхал, Бишнупур және Кангпокпи сияқты жерлерде қақтығыстар тіркелген.