Үндістанның косметика зауытында болған ірі өрттен 31 адам зардап шекті
Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатындағы косметика зауытында болған ірі өрттен 31 адам зардап шекті.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жарақат алдардың кейбірінің жағдайы ауыр.
Өрт Химачал-Прадеш астанасы Шимладан оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан Солан ауданындағы косметика зауытында шыққан.
Химачал-Прадештің Табиғи апаттарды басқару басқармасының қызметкері зардап шеккендердің әртүрлі ауруханаларға жеткізілгенін және ауыр халдегілердің Чандигархқа жіберілгенін мәлімдеген.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.