Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістандық компания Өзбекстан астанасында медициналық қалашық салады
13:23 / 2023-03-22

Үндістанның «Aakash Healthcare» компаниясы Ташкентте заманауи медициналық қалашық салуға дайындалуда.

«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, компанияның басқарушы директоры доктор Аашиш Чаудри Livemint.com жаңалықтар порталына осы медициналық желінің жақын болашақтағы жоспарлары туралы баяндаған.

«Біз Өзбекстан өкілдерімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық.  Өте заманауи инфрақұрылым, медициналық жабдықтар, білікті дәрігерлер мен медицина қызметкерлері бар заманауи аурухана салу үшін бізге 10 гектар жер беріледі», - деген ол сұхбат барысында.

Үнді дәрігерлері жаңа Aakash Health Medicity қалашығында, сондай-ақ медициналық колледжі, әсіресе мейірбикелер оқыту мекемесін орналастыруды жоспарлап отыр.

«Делиде орналасқан Aakash Healthcare ауруханасы заманауи инфрақұрылым және соңғы технологиялармен жабдықталған, онда білікті дәрігерлер мен басқа да медициналық қызметкерлер жұмыс істейді», - делінген мақалада. 

– Бұл медициналық мекеме ортопедиялық және буын ауыстыру хирургиясы саласындағы жетекші қызметтерімен танымал. Сондай-ақ кардиология және кардиохирургия, ана мен бала, жалпы және минималды қолдану хирургиясы, офтальмология, неврология, нейрохирургия, бүйрек зерттеулері және басқа салаларда озық тәжірибе орталықтардың қызметі жолға қойылған.

Сұхбатта былтыр қараша айында Ташкент қаласының «Үчтепа» ауданында жалпы құны 10 миллион долларды құрайтын көпсалалы медициналық емхана құрылғаны атап өтілген. «Жаңа жобаға 100 миллион доллар инвестиция құйылып, 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде», - деп жазылған хабарламада.