Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістандық 6 жасар бала әлемдегі ең жас бағдарламашы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді
16:41 / 2020-11-13

Үндістандық Архам Ом Талсания әлемдегі ең жас бағдарламашы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

ANI агенттігінің хабарлауынша, Талсания екінші курстық «Python» бағдарламалау тілінде дайындық курсын аяқтап, «Pearson VUE» тестілеу орталығында Microsoft сертификаттау емтиханынан сәтті өтті.

6 жасар бағдарламашының айтуынша, бұл салаға деген қызығушылық әкесінің арқасында пайда болған. «Әкем маған бағдарламалауды үйретті. Мен екі жасымда планшеттерді қолдана бастадым. Үш жасымда iOS және Windows гаджеттерін қолға алдым »,- дейді Архам.

Ол алғашқыда кіші-ойын бағдарламасын жаза бастаған және Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерімен байланысып, өз жұмыстарының үлгілерін жіберген. Белгілі тәртіптегі тексерулерден кейін жас жеткіншекке әлемдегі ең жас бағдарламашы атағын растайтын сертификат табысталды.

<iframe width="609" height="375" src="https://www.youtube.com/embed/YpZvi-Phi4E" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Архам Ом Талсанияның арманы - кәсіпкер болу және баршаға көмектесу. «Мен кәсіпкер болғым келеді және барлығына көмектескім келеді. Мен бағдарламалауға арналған қосымша, ойын және түрлі жүйелер жасағым келеді. Сонымен бірге, мұқтаж жандарға көмектескім келеді», - дейді жас рекордшы.