English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістандағы теміржол апатының себебі анықталды
16:01 / 2023-06-05

Үндістанның Одиша штатында үш пойыз соқтығысына электронды шлагбаум жүйесіндегі ақау себеп болған.

– Электронды бұғаттау кезінде жүйеде өзгеріс болды, апат сол себепті орын алды. Бұл оқиғаның қалай болғаны, кімнің кінәсі екені тергеуден кейін анықталады, деген елдің темір жол министрі Ашвини Вайшнав NDTV арнасы хабарында.

2 маусым күні Одиша штатында үш пойыздың соқтығысуы нәтижесінде, кем дегенде 288 адам қаза тауып, 900-ден астам адам жарақат алды. Бұл Үндістанда кейінгі 20 жылдағы ең ауыр теміржол апаты. Ел үкіметінің ресми мәлімдемесінде Калькуттадан Ченнайға бара жатқан «Коромандель экспресс» жүрдек пойызының Баласор қаласының маңында жүк пойызымен соқтығысып рельстен шығып кеткен. Рельстен шығып кеткен вагондар паралель рельске құлап сол рельспен келе жатқан басқа бір жолаушылар пойызы апат болған.