Үндістандағы табиғи апат салдарынан құрбандар саны 179-ға жетті
Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында су тасқыны мен көшкін салдарынан 179 адам қаза тапты.
Штатта 138 мың тұрғын үй зақымданған немесе ішінара қираған. 1618 елді мекенде 700 мыңға жуық адам зардап шеккен. 278 мың зардап шегуші арнайы лагерьлерде екені айтылған Штаттың табиғи апаттарды басқару агенттігі хабарында.
Ең ауыр жағдай Сильчар қаласында байқалған болып, онда бөгеттің бұзылуы нәтижесінде аумақтың 90 пайызы су астында қалып, 16 адам қаза тапты. Бұл ретте қалаға кемінде 10 миллиард рупия (1,2 миллиард доллар) көлемінде материалдық шығын келген.
Ассам штатында шамамен 47,1 мың гектар егістік алқап су астында қалған.