Үндістандағы көшкін 35 адамның өмірін қиды
Үндістанның батысындағы Махараштра штатында орыналған көшкін салдарынан, кем дегенде 35 адам қаза тапты.
Times of India басылымының хабарлауынша, көшкіні толассыз жауған жаңбырдан туындаған.
Полиция апат аймағындағы жағдай күрделі күйінде қалып отырғанын және қаза тапқандар саны одан әрі артуы мүмкіндігін айтқан.
Тынымсыз жауған нөсер салдарынан бірқатар теміржолдарды да су басып, жолда қалған пойыздардың жолаушыларын автобустармен тасымалдануда.