Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістандағы Ганг өзенінен 100-ге жуық COVID-19 құрбандарының денесі табылды
13:05 / 2021-05-12

Үндістанның Бихар штатының билігі Ганг өзенінен 71 адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болса, өзеннің жоғарғы ағысындағы Уттар-Прадеш штатының әкімшілігі 25 мәйітті өзеннен шығарғанын мәлімдеді.

Бір күн бұрын Ганг өзенінің жағалауында коронавирустың салдарынан қайтыс болды деген күдікті 30 адамның денесі табылды деген ақпарат тарады Times of India хабарында.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше мәйіттерді марқұмның туыстары суға тастаған болуы мүмкін, өйткені елде кремация процедурасының құны COVID-19 инфекциясының рекордтық көрсеткіштері аясында күрт қымбаттап кеткені себеп болған. БАҚ беттеріндегі өзге ақпаратта, өзенде 100 ден 150 денеге дейін денелер байқалғаны айтылады. Бірақ Бихар билігі 30 адамның табылғанын ресми растаған.

«Осы уақытқа дейін біз Гангадан 71 мәйіт таптық. Табылған барлық денелерге аутопсия жасап, ДНҚ сынамалары мен Ковидке анализдік тексеріс жүргіздік. Кейбір мәйіттер Уттар-Прадештен келген болуы мүмкін», - деген Бихар полициясының басқарушысы Нирадж Кумар.

Өз кезегінде Уттар-Прадеш штаты полициясының өкілі Прашант Кумар The Indian Express-ке бұл оқиғаға мемлекеттік органдарды кінәлау дұрыс емес екенін айтып «Мәйіттер Бихарда табылды, ал Бихар үкіметі бұл оқиғаны тергеп, қосымша шаралар қабылдауға міндетті. Уттар-Прадешті кінәлау дұрыс емес», - деп мәлімдеген.

Үндістанда вирустың таралуы сәуір айында күрт өсті. Елдегі эпидахуал өте нашар. Пандемиямен күресте қолдау көрсетіп Әлем елдері гуманитарлық көмек көрсетуде.

Соңғы тәулікте Үндістанда коронавирустық инфекцияның 348,421 жаңа жағдайы тіркеліп, қайтыс болғандар саны 4 205-ке көбейген. Тәуліктік өлім саны бойынша жаңа анти-рекорд орнады деп жазады Times of India. 

Джонс Хопкинс мәліметінше Үндістанда жалпы коронавирус жұқтырған азаматтар саны 22 миллионнан асты. Елдің вирустану деңгейі АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.