Үндістандағы фабрикада шыққан өрт 18 адамның өмірін қиды
Үндістанның Пуна қаласы маңындағы дезинфекциялау зауытында шыққан өрттен кем дегенде 18 адам қаза тауып, бірнеше адам із-түзсіз жоғалды.
India Today порталының хабарлауынша, өрт орау цехында басталған. Оқиға болған кезде зауытта 37 адам жұмыс істеген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди өртте қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасқан: «Пунадағы (Махараштра) фабрикада болған өртте адамдардың қаза болуына қатты қайғырдым. Марқұмдардың отбасыларына көңіл айтамын», - деп жазды ол Twitter-де.