Үндістанда жол апатынан 11 адам қаза тапты
Үндістанның орталығындағы Мадхья-Прадеш штатының Бетул ауданында жол апатынан 11 адам, оның ішінде екі бала қаза тапты.
Жергілікті полицияның мәліметінше, жол апаты түнгі сағат жерглікті уақытпен 02:00 шамасында болып, онда спорттық қызметтік көлік автобуспен бетпе-бет соқтығысқан кезде орын алған. нәтижесінде жол талғамайтын көлікте болған 11 адам, оның ішінде жүргізуші де қаза тапты. Автобуста жүргізуші ғана зардап шеккен.
Алдын ала тергеу мәліметіне қарағанда, апатқа жол талғамайтын көлік жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткені себеп болған. Қазрігі уақытта полиция апатқа қатысты тергеуді жалғастыруда.