Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістанда «TikTok» өмір бойына бұғатталды
15:40 / 2021-01-27

Үндістан мемлекет аумағында Қытайдың «TikTok» әлеуметтік желісін пайдалануға ресми түрде тыйым салды.

Economic Times басылымының ақпаратында, «TikTok» желісінен бөлек Қытайдың 58 желі қосымшасы егемендікке, ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіретіні жайлы айтылып біржола бұғаттаған.

Үндістанның Ақпараттық технологиялар министрлігі қытайлық әзірлеушілерге қарата айтқан мәлімдемесінде, агенттік олардың қызметтерінің қауіпсіздігіне қатысты жауаптары мен түсіндірулеріне қанағаттанбайтынын жеткізген. Осыған байланысты Үндістан билігі өткен жылдың ортасында енгізген бірқатар шешімдеріне орай бұғаттау тұрақты сипатқа ие болған.

Тұрақты тыйым салынған платформалар тізіміне Alibaba компаниясы әзірлеген WeChat, UC Browser және TikTok кіреді.

Қытайлық бағдарламаларға тыйым салу туралы шешім екі елдіңЛадакхтың таулы шекаралас аймағындағы шиеленістің аясында қабылданған.