Үндістанда ұшақ өртеніп кетті
Жеке ұшақ қатты жаңбыр кезінде Мумбай әуежайына қонған кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртеніп кетті.
NDTV хабарынша, ұшақ бортында жалпы сегіз адам – алты жолаушы мен екі экипаж мүшесі болған.
Арнаның дереккөздері үш адамның жараланып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.