Үндістанда МиГ-29 әскери ұшақ апатқа ұшырады
Үнді әскери-теңіз күштерінің МиГ-29К оқу-жаттығу ұшағы Араб теңізінің үстінде құлады, деп хабарлайды Times of India Әскери-теңіз күші өкіліне сілтеме жасап.
Мәлім болуынша, ұшақ апаты 26 қарашада жергілікті уақытпен 17:00 шамасында орын алған болып, ұшқыштың бірі әлі табылған жоқ. Үнді теңіз күштері оқиғаға байланысты тергеу бастады. Оқиғаның себептері әірге белгісіз.
Үнді әскери флотына қарасты «Викрамадитя» авианосында қазір ресейлік 36 дана МиГ-29К истребительдері бар.