Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістанда күшті жаңбыр салдарынан кемінде 45 адам қаза тапты
14:45 / 2025-05-24

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында соңғы тәулікте жауған нөсер жауын мен найзағай салдарынан кемінде 45 адам қаза тапты.

 Times of India хабарлауынша, табиғи апаттың салдары елдің әртүрлі өңірінде ауыр зардаптарға әкелген.

Билік өкілдерінің мәліметінше, кейбір тұрғындар найзағай түсуінен көз жұмса, өзгелері ағаштар құлауынан және өзге де төтенше жағдайлардан опат болған. Дауыл кезіндегі жел екпіні сағатына 60–100 шақырымға дейін жеткен.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері де найзағайлы жауын-шашынның күшеюі мүмкін. Жауын-шашын негізінен жеңіл және орташа деңгейде болмақ.

Үндістан үкіметі құрбандардың отбасына өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, жергілікті билік мүлік пен ауыл шаруашылығына келген залалды бағалап жатыр. Дауылдан зардап шеккен халыққа қолдау көрсетілетіні айтылды.

Ауыл шаруашылығы да табиғаттың бұл тосын мінезінен жапа шеккен. Манго бақтарына қауіп төніп тұр. Мамандар фермерлерге жаңбырдан кейінгі ылғалды ортада пайда болатын зиянкестерге қарсы шұғыл шаралар қабылдауға кеңес беруде.