Үндістанда көпірдің құлауы салдарынан 14 адам зардам шекті
Үндістанның Мумбай қаласының оңтүстігінде салынып жатқан көпірдің бір бөлігінің құлауы салдарынан кем дегенде 14 адам зардап шекті.
The Times of India порталының хабарлауынша, оқиға «Bandra Kurla» кешенінің аумағында жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы 4.30 болған.
Көпірдің құлауы нәтижесінде өлім жағдайы тіркелмеген. Зардап шеккендердің барлығы жеңіл жарақатпен ауруханаға жатқызылған болып, қазірде олардың жағдайы тұрақты.
Оқиға орнында полиция мен өрт сөндіру бригадалары жұмыс істеуде. Әзірше апаттың мән -жайы нақтыланбады.