Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістанда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды
14:34 / 2021-04-21

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында коронавирустың жаңа мутациясы анықталды.

Геномика және интегративті биология институтының маманы Винод Скария «Twitter» парақшасында «B.1.618 – SARS-CoV-2 жаңа желісі, бұл көбінесе Үндістанда кездеседі. Ол генетикалық варианттардың ерекше жиынтығымен сипатталатын, иммунитеттен жалтару бойынша ерекшеленетін E484K негізгі нұсқасы», - деп жазған.

Батыс Бенгалияда коронавирустық инфекцияның саны артып, соңғы тәулікте онда 10 мыңға жуық жаңа жағдай анықталған. Маман Үндістанда анықталған жаңа мутация, коронавирусты қайта жұқтыруы мүмкін екендігі туралы ақпарат қазірше жеткіліксіз екенін айтқан.

E484K нұсқасы, «оңтүстікафрикалық», «бразилиялық» және «бангладеш» штамдарына тән. Кейбір сарапшылардың пікірінше ол инфекцияны бейтараптандыруда моноклоналды антиденелердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Үндістанда коронавирусты жұқтырғандар саны ақпан айынан бастап күрт өсті. Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметінеше, Үндістанда пандемия басталғалы 15,6 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған.