Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістанда «iPhone» өндіруші зауыт жұмысшылары дау көтерді
09:10 / 2020-12-14

Үндістанның Карнатака штатында «iPhone» смартфондары жиналатын зауыт кеңсесінде жұмысшылар наразылық білдіріп, кеңсе ғимаратты қиратқан. Жұмысшылардың наразылығына олардың жалақысы бойынша қарыздар себеп болды.

«Times of India» басылымының хабарлауынша, Тайванның «Wistron Corp.» компаниясына тиесілі зауыт ғимаратының алдына 2 мыңға жуық адам жиналған. Олар өздерінің жалақыларын төлеуді талап етіп, кейіннен бұл процес тәртіпсіздіктерге ұласқан.

Жұмысшылар зауыт аумағына басып кіріп, ғимарат ішінде төңкеріс жасаған және бірнеше көлікті аударып тастаған. Жағдайға полиция араласып, ашулы топты таратқан.

«Winstrom Corp.» компаниясы Apple-дың мердігері болып, ол Карнатакададағы зауытта iPhone SE телефондарын құрастырады.