Үндістанда коронавирусқа қарсы Covaxin вакцинасы сынағының үшінші және соңғы кезеңі басталды, деп хабарлайды «Коммерсантъ» NDTV телеарнасына сілтеме жасап.
«Bharat Biotech» компаниясы мен Үндістанның медициналық зерттеулер кеңесі (ICMR) бірлесіп жасаған препарат сынағы елдегі 25 медициналық орталықта 26 мың еріктіде зерттеуден өтуі жоспарланған. Қатысушыларға іс-сапар шығындары өтеліп, басқа да жеңілдіктер қарастырылған.
Атаулы «Covaxin» вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңіне, алғашқы екі кезең аясында 800-ге жуық адам қатысып сәтті аяқталғаннан кейін мақұлданды.
Қазіргі уақытта Үндістанда тағы екі вакцинаның клиникалық сынағы өтіп жатыр: Covishield (Оксфорд университеті және британдық-шведтік AstraZeneca компаниясы әзірлеген) және ZyCoV-D (үнділік фармацевтикалық компания Zydus Cadila жасаған).
Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше, Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 8,6 миллионнан асқан. Өлім саны 127,5 мың жанды құраса, 8 млннан жоғары науқас емделіп шыққан.