Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістанда бояу зауытында өрт шығып, 11 адам қаза тапты
16:08 / 2024-02-16

Үндістан астанасындағы бояу зауытында өрт шығып, кем дегенде 11 адам қаза тапты.

«NDTV» арнасының хабарлауынша, апат салдарынан төрт адам жараланған.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, жарылыстан кейін жалын көтеріліп, екі қойма мен есірткіден емдеу орталығын шарпыған.

- Өрт көрші үй мен дәріханаға тарады. Жарылыс болды, ғимарат қирады, 11 жұмысшы қаза тапты. Мәйіттер толығымен өртеніп кеткен, оларды анықтау қиын, Алексей Навальный түрмеде қайтыс болды - деді Дели өртке қарсы қызметінің директоры Атул Гарг.

Апаттың нақты себебі әлі белгісіз, із-түссіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда. Билік қоймада сақталған химиялық заттар жарылған деп болжап отыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.