Үндістанда балалар ауруханасында өрт шығып, 4 сәби қайтыс болды
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында балалар ауруханасында ірі өрт шығып, оның салдарынан 4 сәби құрбан болған.
Sky News-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешке «Камла Неру» атындағы медициналық мекеменің 40 бала жатқан нәрестелер бөлімінде шыққан. Олардың 36-сы құтқарылып, 4 мерт болғаны айтылады хабарда.
Өрт сөндірушілер төтенше жағдай орнына 10 минут ішінде жеткен, алайда сәбилерді аман алып қалу мүмкін болмаған.
Алдын-ала себебі ретінде өрттің шығуы қысқа тұйықталу жағдайынан екені көрсетілген болып, қазірде оқиағаға қатысты тергеу жүргізілуде.