Үндістанда автобус апатынан 18 адам қайтыс болды
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жүк көлігі мен автобус соқтығысуы салдарынан 18 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды.
Hindu басылымының дерегінше, бұзылып жол шетінде тоқтап тұрған автобусты жоғары жылдамдықта артта келе жатқан жүк көлігі соққан.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, қазіргі кезде полиция жол-көлік оқиғасы болған жерде құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Үндістанда жолдардың нашарлығына және көлік құралдарының жол ережесін сақтамауына байланысты ауыр жол көлік оқиғалары жиі кездеседі. Ресми статистикаға сәйкес, елде жыл сайын 100 мыңнан астам адам жол-көлік оқиғаларының құрбаны болады, тағы 300-400 мың адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алады.