Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістанда атыс салдарынан 25 турист қаза тапты
10:51 / 2025-04-23

Үндістанның солтүстігіндегі Кашмир штатында орын алған атыс салдарынан кемінде 25 турист қаза тапты.

The Hindu басылымының хабарлауынша, оқиға кезінде 20-дан астам адам жарақат алған. Үндістан үкіметі әзірге ресми түрде құрбандардың нақты санын жарияламады.

Атыс Пахалгам қаласында орын алған. Белгісіз адамдар Байсаран аңғарындағы соқпақ жолмен жүріп бара жатқан туристерге оқ жаудырған. Жергілікті билік бұл оқиғаны теракт ретінде бағалап отыр.

«Терроризмге қарсы күрестегі табандылығымыз сынбайды және ол одан сайын күшейеді», — деп жазды Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Куәгерлердің айтуынша, туристерге әскери киімдегі бірнеше адам шабуыл жасаған. Олар оқиға орнынан бой тасалауға үлгерген. Үнді қауіпсіздік күштері аймақты қоршауға алып, қаскөйлерді іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.