Үндістанда антирекорд: Бір тәулікте 274 мың COVID ауруы анықталды
Үндістанда 19 сәуір күні COVID-19 індетін жұқтыру санының рекордтық өсуі тіркелді. Мемлекетте бір тәулік бойы 273 810 адам инфекция жұқтырғаны анықталды.
Үндістандағы коронавирустық жағдайдың жалпы саны әлемдегі пандемиядан ең көп зардап шеккен Америка Құрама Штаттарының деңгейіне жақындады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Қазіргі уақытта елдегі ауруханалар науқастардың көп келуіне байланысты төсек орны мен оттегі қорының жетіспеушілігінен қиналуда. Соңғы дерекке сай COVID-19-дан қайтыс болғандардың күндік саны рекордтық 1619-ға дейін өсіп, бүкіл пандемия кезеңінде өлім саны 178 769-ға жетті.
Сонымен бірге, инфекцияның тез таралуына қарамастан, саясаткерлер сайлау қарсаңында бүкіл елде жаппай митингтер өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды агенттік.