Үндістанда алтын сататын алғашқы банкомат іске қосылды
Үндістанның Хайдарабад қаласында несиелік немесе дебеттік пластикалық карталар арқылы алтын монеталарды сатып алуға болатын алғашқы банкоматы іске қосылды.
Еconomictimes басылымының дерегінше, банкомат Goldsikka жеке компаниясына тиесілі болып, олар Үндістанда тағы 3 мың банкомат жасап, орнатуды және халықаралық нарықтарға одан әрі кеңейтуді жоспарлауда.
Банкомат салмағы 5 келі болатын 24 караттық алтын монеталарды сақтай алады. Оларды 0,5-тен 100 граммға дейінгі мөлшерде сатып алу мүмкін. Алтынның бағасы банкомат экранында нақты уақыт режимінде көрсетіледі және Лондон қор биржасында баға белгілеулеріне сәйкес өзгеріп тұрады.
Банкомат бейнекамерамен, дыбыстық дабыл, жедел полиция шақыру функциясымен жабдықталған және хакерлік шабуылдан қорғалған.