Үндістанда алғашқы жүргізушісіз метро іске қосылды
Үндістанның Нью-Дели қаласында 28 желтоқсан күні елдің алғашқы жүргізушісіз метрополитені ашылды.
Ашылу салтанатында Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди «Алғашқы жүргізушісіз мертоның ашылуы Үндістанның смартты жүйелерге қаншалықты тез қадам басатынын көрсетеді», - деген.
Алғашқы жүргізушісіз пойыз Нью-Дели метрополитеннің күлгін желісінде қатынайтын болып, ол толықтай автоматтандырылады және адами факторды және трафикті басқарудағы қателіктерді жояды.