Үндістан Өзбекстанда күн модульдерін шығаруды жолға қояды
Үндістан-Орталық Азия іскерлік кеңесі аясында Өзбекстан-Үндістан энергетикалық ынтымақтастығының келешегі талқыланды.
«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Үндістанның Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы Үндістан-Орталық Азия іскерлік кеңесі аясында энергетика саласындағы ынтымақтастыққа арналған вебинар өткізді.
Онлайн өткен шарада Өзбекстанның Үндістандағы елшісі Дилшод Ахадов республикадағы энергетика саласындағы реформалар, жаңартылатын энергия көздерін дамыту жобалары туралы ақпарат берді.
Үндістанның жаңартылатын энергия көздері саласындағы тәжірибесін ескере отырып, Үндістан тарапы Өзбекстанда күн модульдерін, энергияны сақтауға арналған батареяларды және басқа да жаңартылатын энергия жүйелерін өндіру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастықты жандандыруға шақырылды.