Үндістан халқының саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты
Үндістан елі Жер шарында халқының саны бойынша бірінші орынға шықты. Бұл орынды бірнеше ондаған жылдар бойы Қытай елі сақтап келген.
Market Watch порталының мәліметінше, Үндістан халқының саны 1 425 782 975 адамға жетті (Қытайда 1 425 744 008 адам).
Сарапшылар Үндістанның экономикалық әлеуетін жақсы бағалауда. Үндістандықтардың шамамен 65 пайызы 35 жастан төмен. Яғни, бұл елдің өсіп келе жатқан экономикасына үлес қоса алатын еңбекке қабілетті жастар.
Елдегі жұмыс істейтін әрбір 100 адамға 47 еңбекке жарамсыз кісі тура келеді. 2048 жылға қарай Үндістан еңбекке жарамсыз адамдар саны аз елдер тізімінде 43-орыннан 23-орынға ауысады деп күтілуде.