Үндістан Ресейден Ми-17В5 тікұшақтарын сатып алмайтынын мәлімдеді
Үндістанның әскери-әуе күштері отандық өндірісті қолдауға бағытталған «Made in India» жобасы бойынша Ресейден 48 Ми-17В5 тікұшағын сатып алмайтын болды.
Ani агенттігінің хабарлауынша, келісімшарттан бас тарту туралы шешім Ресейдің Украинадағы әскери операциясы басталғанға дейін қабылданған.
«Келісімшартты жабу туралы шешім қабылданып, Әскери-әуе күштері жергілікті тікұшақтарды өндіру бағдарламасын қолдауға бағытталады», - делінген хабарда.