Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістан-Непал шекарасында жер сілкінісі болып, 157 адам қайтыс болды
22:31 / 2023-11-04

3 қараша күні кешке Үндістан-Непал шекарасында болған 6 балдық жер сілкінісі салдарынан 157 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Жер сілкінісінің ошағы 9 мыңға жуық адам тұратын Непалдағы Джумла қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 36 шақырым жерде және 182 мың халқы бар Үндістанның Бахрейч қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 166 шақырым жерде тіркелген.

Үндістанның сейсмологиялық орталығы жер сілкінісінің күшін 6,4 баллға, неміс геологиялық зерттеу орталығы 5,7 баллға, АҚШ геологиялық қызметі 5,6 баллға бағалады.

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Нью-Делиде де сезілген.

Непалда жер сілкінісі жиі болып тұрады. 2015 жылы байқалған 7,8 балдық жер сілкінісі салдарынан 9 мыңға жуық адам қаза тауып, жарты миллионнан астам үй қираған.