Үндістан мен Өзбекстан арасында жаңа контейнер тасымалы іске қосылды
Үндістан мен Өзбекстан арасында жаңа контейнер тасымалы іске қосылды. Жүк Үндістаннан теңіз арқылы Иранға, одан әрі темір жол арқылы Өзбекстанға жеткізіледі.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, «Узтемириулконтейнер» АҚ жаңа мультимодальды бағыт бойынша Үндістан мен Өзбекстан арасында контейнерлік тасымалдауды сәтті ұйымдастырды.
Жүктер теңіз арқылы Үндістанның Мундра, Нхава-Шева және Ченнай порттарынан Иранның Бандар-Аббас портына жеткізіледі. Одан кейін Бандар-Аббас портынан теміржол арқылы Өзбекстанның Сіргелі станциясына әкелінеді.
20 дана 20 футтық контейнерден тұратын жүк пойызы 20 күнде жалпы ұзындығы 2673 шақырымды жүріп өткен. Алдағы уақытта тасымалдау мерзімін 15 күнге дейін қысқарту көзделген.