Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігіне қатысты жаңа шектеулер 30 сәуірден бастап күшіне енді және 23 мамырға дейін жалғасады.
India TV хабарлауынша, Пәкістан әуе кеңістігін жабу туралы хабарлама пилоттарға арналған NOTAM арқылы берілді. Телеканалдың мәліметінше, Үндістан үкіметі бұл шешімді Пәкістанмен қарым-қатынастардың шиеленісуіне байланысты қабылдаған.
Пәкістан өз кезегінде Үндістан әуе кемелері үшін әуе кеңістігін 24 сәуірде жапқан болатын. Сонымен қатар, Пәкістан үкіметі 2 мамырға дейін Исламабад пен Лахор қалалары үстінен барлық әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойған.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдай соғыс қаупіне жақындап, шиеленісті арттырды. 22 сәуірде Үндістанның Джамму және Кашмир штатындағы туристер арасында танымал Пахалгам қаласында қарулы содырлар 26 адамды өлтірді. Бұл террорлық шабуыл үшін Кашмирдің Пәкістан бақылауындағы аумағында орналасқан содырлар тобы жауапкершілікті өз мойнына алды. Үндістан үкіметі бұл оқиға бойынша айыптың бір бөлігін Пәкістанға артып, Пәкістанмен шекараны жапты және елдің азаматтарын Үндістаннан кетуін талап етті.