Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістан мен Еуропалық Одақ биыл еркін сауда келісімін аяқтауды жоспарлап отыр
13:46 / 2025-03-02

Үндістан мен Еуропалық Одақ ұзақ уақыттан бері жоспарланып келе жатқан еркін сауда келісімін биыл аяқтауды көздеуде.

Бұл туралы Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Нью-Делидегі кездесулерінен кейін мәлімдеді.

Фон дер Ляйен АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропалық Одақ тауарларына қосымша тариф енгізу қаупіне тоқтала отырып, геосаяси жағдайдың «шешуші әрекеттерді» талап ететінін атап өтті.

Оның айтуынша, Еуропалық Одақ пен Үндістан өз сарапшыларына «жыл соңына дейін еркін сауда келісімін жасау» міндетін жүктеген.

Ал премьер-министр Нарендра Моди бұл келісімнің мақсаты 2025 жылдың соңына дейін «өзара тиімді екіжақты келісімге» қол жеткізу екенін мәлімдеді.