Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістаннан Ұлыбританияға дейін автобуста 70 күндік туристік бағыт ашылады
11:05 / 2020-08-28

Саяхат бағытында туристер 70 күн бойы әлемнің 18 еліндегі әсем мекендерді аралайтын болады


Үндістан 2021 жылдың көктемінен бастап әлемдік саяхатшылар үшін ең ұзақ болған туристік автобус бағытын жолға қоюды жоспарлауда.

Бұл саяхат бағытында туристер 70 күн бойы Үндістаннан Ұлыбританияға дейінгі болған 20 мың км қашықтықты автобуста аралайтын болады. Әлемнің 18 елінің аумағынан өтетін сәтті сапар негізі 4 бағыттан тұрады.

Алғаш автобус Үндістан, Мьянма, Тайланд елдерінің көркем жерлерін басып өтсе, кейінгі бағытта Қытайдың Сычуань және Синьцзян провинцияларын қамтып, онда туристердің ең көп баратын әйгілі аймақтары Ұлы Қытай қорғаны, Жібек жолы және Гоби шөлі сынды әсем орталарды аралайды. Үшінші кезеңде саяхат керуені Орталық Азияға бағыт түзеп Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Ресейге қарай жүреді. Саяхаттың финалдық төртінші бағыты Еуропаға қарай бет алып Латвия, Польша, Литва, Чехия, Нидерланды, Германия, Бельгия, Франция елдеріндегі күнді көңілді өткізіп 70 күндік саяхат Ұлыбританияның Лондон қаласында мәресіне жетеді.

Ұйымдастырушылар саяхатты «hop-on/hop-off» жүйесімен жасаған, яғни туристер өздері таңдаған жерде демалып, содан кейін саяхатын жалғастыруға мүмкіндік алады. Сапардың сәтт өтуі үшін бір автобусқа небәрі 20 туристке ғана орын бөлінген болып, 70 күндік әлемдік саяхат үшін бетел құны 17 мың еуроға бағаланған.