Үндістанда жылу электр станциясы жарылды
"NDTV" арнасы таратқан хабарда айтылуынша, бұл жылу электр станциясында соңғы екі ай ішінде болған екінші жарылыс
Үндістанның оңтүстік аймағында орналасқан Тамилнад штатының Куддалор округында жылу электр станциясының жарылуы салдарынан 6 кісі қаза болған және 17 азамат түрлі деңгейде жарақат алған.
NDTV арнасы таратқан хабарда айтылуынша, жарылыс Ченнай орталығынан 180 км қашықтықта орналасқан Куддалоредегі (бұрынғы Neyveli Lignite Corporation Limited деп аталатын) үкіметтік «NLC India Limited» электр станциясында болған. Бұл электр станциясындағы соңғы екі ай ішіндегі екінші жарылыс. Бірақ жарылыстың неден болғаны белгісіз. Қазіргі уақытта барлық жарақат алған жандар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.