Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
02:46 / 2020-08-08

Үндістанда «Air India Express» әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы әуежайға қону кезінде апатқа ұшырады


Үндістанда «Air India Express» әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы әуежайға қону кезінде апатқа ұшырады.

Ұшақ Дубайдан Кожикодеге ұшып келіп, әуежайға қону кезінде абайсызда қону жолағынан шығып кету нәтижсесінде екіге бөлініп кеткен. Үнді авиация министрлігінің мәліметі бойынша бортта 191 жолаушы болғаны және оның ішінде он бала, екі ұшқыш және бес экипаж мүшесі бар екені айтылған.

Оқиға салдарынан 14 кісі көз жұмған және ондаған жолаушылар түрлі жарақат алған. Апат болған Керала штатында бірнеше күннен бері тынымсыз жаңбыр жаууда. Ұшақ осы қатты жауын кезінде қонуға тырысқаны айтылады.