Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістандағы химиялық зауыттағы жарылыс 50-ден астам адамды жарақаттады
21:25 / 2020-06-03

Гуджарат штатында пестицидтер шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан 5 адам қаза тауып, 57 адам түрлі жарақат алған


Үндістанның батысында орналасқан Гуджарат штатында пестицидтер шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан 5 адам қаза тауып, 57 адам түрлі жарақат алған.

«The Times of India» басылымының хабарына сай атаулы зауытта шыққан өрт жергілікті уақытпен сағат 12 шамасында басталған. Соның арқасында сутегі, күкірт диоксиді және басқа да химиялық заттар сақталған қоймаға қауіп төнгені айтылады. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жетіп, оны сөндіру жұмыстары жылдам басталған болса да, сақтық шарасы ретінде жақын маңдағы екі ауылдың 4,800 тұрғыны эвакуацияланған.

Қазіргі уақытта болған жарылыстың неден шыққаны анықталуда.