English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістанда коронавирусты анықтайтын әлемдегі алғашқы қағаз тест жасалды
00:15 / 2020-10-06

Үнді ғалымдары коронавирусты арзан және жылдам анықтайтын қағаз тест үлгісін жасады


Үнді ғалымдары коронавирусты арзан және жылдам анықтайтын қағаз тест үлгісін жасады. «Feluda» деп аталатын тест бір сағаттан аз уақыт ішінде нәтижені көрсетіп және оның бағасы 500 рупияға бағаланған (6,75 доллар).

ВВС-дің таратқан мәліметіне сай, тесттің дәлдігі 96 пайыз нақтылыққа ие болып ол «Crispr» деп аталатын гендерді өңдеу технологиясына негізделген. Коронавирусты анықтаушы бұл тест Делидегі Геномика және интегративті биология институтында жасалған.

Бүгінге дейін 2 мың науқаста сынақтан өткен және нәтижесі 96 пайыздық сезімталдығы мен 98 пайыздық ерекшелігі бар екендігі анықталды. Тесттің жоғары сезімталдығы коронавирусты жұқтырған адамдардың барлығын дерлік анықтауға мүмкіндік береді, ал жоғары ерекшелігі ауру белгілері жоқтарды олардан ажыратып алуға жағдай жасайды.

«Бұл ең қарапайым, әрі дәл, сенімді және үнемді тест», - дейді Үндістан үкіметінің бас ғылыми кеңесшісі профессор Виджай Рагхаван. Қазіргі кезде Үндістанның дәрі-дәрмек бойынша жауапты басқармасы тестті коммерциялық мақсаттарда пайдалануға рұқсат берген.